Мемлекеттік хатшы Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлерімен үшжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаменті сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік хатшы Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлерімен үшжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаменті сайтына сілтеме жасап.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Армения және Әзербайжан сыртқы істер министрлері Арарат Мирзоян және Джейхун Байрамовпен кездесуі Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыстың шиеленісуінен кейінгі алғашқы кездесу болды.
Today I hosted direct talks between Armenian Foreign Minister @AraratMirzoyan and Azerbaijani Foreign Minister @bayramov_jeyhun. As I conveyed during the meeting, it is time for troops to disengage and diplomats to return to the table. pic.twitter.com/Z6zCGjRm2u
— Secretary Antony Blinken (@SecBlinken) September 20, 2022
АҚШ сыртқы саяси ведомствосы мәлімдемесінде Мирзоян және Байрамовпен кездесу кезінде Блинкен қақтығыс кезінде адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны және одан әрі соғыс қимылдарының алдын алу қажет екенін айтқаны көрсетілген.
"Премьер-министр Пашинянмен және президент Әлиевпен соңғы рет сөйлескенімде екі басшы да маған бейбітшілікке дайын екенін айтты. Армения мен Әзербайжан арасындағы келіспеушіліктердің әскери шешімі жоқ. Бірақ, менің ойымша, келіспеушіліктерді дипломатия арқылы шешетін тұрақты бейбітшілікке апаратын жол бар. Құрама Штаттар бұл күш-жігерді қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын", - деді Блинкен.
Еске салайық, Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс 13 қыркүйекке қараған түні тағы да ушыға түсті. Армения қорғаныс министрлігі мәліметінше, Әзербайжан шекарадағы елді мекендер бағытында оқ жаудырған. Баку болса Ереванды шекарада ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!