Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сейсенбі, 13 қыркүйекке қараған түні Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды. Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сейсенбі, 13 қыркүйекке қараған түні Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды. Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын мәлімдеді.

"13 қыркүйек сағат 00:05-тен бастап Әзербайжан қарулы күштерінің бөлімшелері Горис, Сотк және Жермук маңындағы армян әскеріне артиллериядан, ірі калибрлі атқыштардан атқылауды бастады", - делінген хабарламада.

Әскери ведомство Әзербайжанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Әзербайжанның азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқаны хабарланды.

Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян әскері ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.

"Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзербайжан-Армения мемлекеттік шекарасының Дашкесан, Калбажар және Лачын бағыттарында кең ауқымды арандатушылық жасады...", - делінген хабарламада.

Әзербайжан тарапының мәліметінше, қақтығыс кезінде Әзербайжан әскерилері атқылауға ұшыраған.

"Нәтижесінде жеке құрам арасында шығын болып, әскери инфрақұрылымға зақым келді. Армения қарулы күштерінің атыс нүктелерін ауыздықтау және әскери қақтығыстар ауқымының кеңеюіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Бакуде Армения қарулы күштерінің адам күші мен әскери техникасының шығыны бар екенін хабарлады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Ресей президенті Владимир Путинмен, сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макронмен шиеленіскен жанжалды талқылады.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Ресейден көмек сұрауға шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro