Армения президенті коронавирус жұқтырды

Армения президенті коронавирус жұқтырды

Армения президенті Армен Саркисянға Лондондағы операциядан кейін коронавирус диагнозы қойылды, ол өзін оқшаулады. Бұл туралы ел президентінің әкімшілігі мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Армения президенті Армен Саркисянға Лондондағы операциядан кейін коронавирус диагнозы қойылды, ол өзін оқшаулады. Бұл туралы ел президентінің әкімшілігі мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Президент өзінің демалысы аясында Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен қарсы алды. 3 қаңтарда Саркисянның аяғына ота жасалды, ол сәтті өтті. Бірақ президентте коронавирустың симптомдары байқалды, оның сынағы оң нәтиже көрсетті", - деді агенттік дереккөзі.

Саркисян қазіргі уақытта оқшауланған, жұмысын уақытша қашықтан жалғастырады.

Реклама
Реклама

2020 жылдың жазында Армения премьер-министрі Никол Пашинян коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама