Армения ресейлік телеарналарға шектеу қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения ресейлік телеарналарға шектеу қояды Фото: gorod.dp.ua

Армения Президенті Армен Саркисян шетелдік телехабар таратушылардың қызметін шектейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды DW.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения Президенті Армен Саркисян шетелдік телехабар таратушылардың қызметін шектейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды DW.

Арменияның теледидар мен радио хабар тарату ұлттық комиссиясының басшысы елдегі ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұр деген пікірде. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. Заң 10 күннен соң күшіне енеді.

16 шілдеде Арменияның ұлттық кеңесінің екінші оқылымында "Аудиовизуалды медиа" туралы заң қабылданды. Заңдағы норма бойынша шетелдік аудиовизуалды бағдарламаларды тек мемлекетаралық келісім негізінде қоғамдық мультиплекс арқылы лицензиясыз көрсетуге болады.

Арменияның теледидар мен радио хабар тарату ұлттық комиссиясының төрағасы Тигран Акопян осыған дейін шетелдік кабельдік желілердегі шетелдік хабар таратушы компаниялардың үстемдігі елдің тіл және ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін бірнеше рет айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети