1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Арменияда парламенттік сайлау басталды 20 маусым 2021, 17:47

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Sputnik / РИА Новости Фото: Sputnik / РИА Новости

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Астана уақыты бойынша сағат 13.00-дегі жағдай бойынша келушілер саны 12,2 пайыз болған. Бұл туралы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лаура Галстян хабарлады. 

"13.00-дегі жағдай бойынша, 361 291 адам дауыс берді", - деді Галстян. 

Дауыс беру, астана уақыты бойынша, 22.00-де аяқталады.   

Еске салайық, Армениядағы кезектен тыс парламенттік сайлауға 21 партия мен төрт одақ қатысып жатыр. Дауыс берушілер саны бойынша шектеу жоқ.

Сонымен қатар, бүгін Армения премьер-министрі лауазымына кандидаттың көлігіне оқ атылғаны белгілі болды. Шабуыл кезінде көлікте ешкім болмаған. Белгісіз біреулер кандидаттың көлігінің алдыңғы терезесіне оқ атқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!