ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2020 | 09:00
Арменияда парламенттің бұрынғы вице-спикері ұсталды
Арменияда құқыққорғаушылар парламенттің бұрынғы вице-спикері, Республикалық партияның атқарушы органының мүшесі Эдуард Шармазановты ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арменияда құқыққорғаушылар парламенттің бұрынғы вице-спикері, Республикалық партияның атқарушы органының мүшесі Эдуард Шармазановты ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Вице-спикердің қорғаушысы Тигран Атанесянның айтуынша, Арменияның арнайы тергеу қызметі Еревандағы наразылық акциясына байланысты қылмыстық іс қозғаған.
Митингіні үкімет пен парламент алдында әскери жағдай режимінде оппозиция ұйымдастырды. Бұрынғы вице-спикерге қатысты "заңнамамен бекітілген тәртіпті бұзып, жиын ұйымдастыру және өткізу" бабына сәйкес іс қозғалған. Бұл заң нормасы бойынша екі ай қамауға алу жазасы көзделген.
"Олардың (ұсталғандардың) арасында Эдуард Шармазанов, Ишхан Сагателян ("Дашнакцутюн" партиясының жоғарғы органының өкілі) бар. Көшбасшылықты жою үшін барлық белсенді саяси қайраткерді ұстап жатыр", - деді Атанесян.
Ол ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына әкелу ықтимал екенін атап өтті.
Айта кетейік, Еревандағы Бостандық алаңында жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар премьер-министр Никол Пашиянның отставкаға кетуін талап етті. Олар үкімет басшысының Таулы Қарабаққа байланысты келісімге қол қойғанына наразы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также