11 қараша 2020 16:39

Арменияда жаппай тәртіпсіздік: жиналғандар Пашиняннан отставкаға кетуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Еревандағы Бостандық алаңында жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар премьер-министр Никол Пашиянның отставкаға кетуін талап етті. Олар үкімет басшысының Таулы Қарабаққа байланысты келісімге қол қойғанына наразы, - деп хабарлайды РИА Новости.


Еревандағы Бостандық алаңында жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар премьер-министр Никол Пашиянның отставкаға кетуін талап етті. Олар үкімет басшысының Таулы Қарабаққа байланысты келісімге қол қойғанына наразы, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жиналғандар Қарабақта территорияны бөліп беріп, соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоюды "сатқындық" деп санайды.

"Егер біз Николды қумасақ, халқымыздың намысы жоқ деп есептеледі", - деді Арменияның экс-премьері Вазген Манукян.

Митингіге шыққандар "Никол - сатқын" деп айғай салды. Олар арасында полицейлермен қақтығысып тұр. Акцияға қатысу үшін адамдар әлі келіп жатыр. 

Құқыққорғаушылар да митинг болып жатқан жерге жиналып жатыр. Олар наразылық білдірушілерден алшақ тұр. Әзірге ІІМ бөлімшелері қарусыз, арнайы техникасыз келді.

"Дашнакцутюн" партиясының өкілі қазіргі жағдайдан шығу үшін Ұлттық құтқару комитетінің құрылғанын мәлімдеді, бірақ нақты ақпарат айтпады.

Қазақстанның Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдемесі жарияланды

Еске салайық, кеше Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Олар Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бірде тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери қимылдың тоқтатылуына байланысты халыққа үндеу жасады. Әлиевтің айтуынша, Армения соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойып, берілгенін мойындады.

Сондай-ақ бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети