11 қараша 2020 14:40

Қазақстанның Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдемесі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігі

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бірде тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери қимылдың тоқтатылуына байланысты халыққа үндеу жасады. Әлиевтің айтуынша, Армения соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойып, берілгенін мойындады.

Кеше Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Олар Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети