Арменияның бұрынғы қорғаныс министрі ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арменияның бұрынғы қорғаныс министрі ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталды Давид Тоноян. Фото: ©РИА Новости

Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚК) бұрынғы қорғаныс министрі Давид Тоноянның ұсталу себебі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚК) бұрынғы қорғаныс министрі Давид Тоноянның ұсталу себебі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

2018-2020 жылдары Армения Республикасының қорғаныс министрі қызметін атқарған Давид Тоноян, сондай-ақ елдің Қорғаныс министрлігі үшін қаруды жеткізуші жергілікті компаниялардың бірінің бұрынғы директоры Дэвид Галстян елдің Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін оқ-дәрілерді сатып алу кезінде көптеген заңбұзушылықтар мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланумен байланысты қылмыстық іске қатысты ұсталғаны көрсетілген.

Армения ҰҚК мәлімдемесіне сәйкес, Тоноян мен Галстян аса ірі көлемде қаражат - 2 277 323 840 армян драмын (шамамен 4,6 миллион доллар) ұрлады деген күдікке ілінген. Сотқа оларды қамауға алу туралы өтініштер ұсынылды.

ҰҚК мәліметінше, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық іс шеңберінде көптеген бұрынғы және қазіргі әскери қызметшілерге қатысты қылмыстық қудалау қозғалған.

ҰҚК қылмыстың барлық тізбегін толық ашу және оған қатысы бар барлық адамды анықтау үшін ауқымды жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Дэвид Тоноян 2018 жылы Никола Пашинян билікке келгеннен бері қорғаныс министрі болды. Ол 2020 жылдың 10 қарашасында Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін қызметінен кеткен.

Тонояннан кейін бұрынғы қорғаныс министрі Сейран Оганян мен Армения Қарулы Күштері Бас штабының бұрынғы бастығы Юрий Хачатуров кезекте тұрғаны туралы бұрын хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети