Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы КХДР-дың 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзылып, жасаған баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды.
"Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және өңірлікпен қатар ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді", - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, Қазақстанның әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді болып, КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алтыжақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролық шамданушылықтан толық бас тартуға шақыратыны айтылған.