Қырғызстан экс-президенті Асқар Ақаев таяуда ресейлік БАҚ өкілдеріне жақын арада Қырғызстанға оралатыны туралы айтып "Отанға оралуым үшін нақты бір тыйым жоқ деген еді. Бас прокуратура осы мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан экс-президенті Асқар Ақаев таяуда ресейлік БАҚ өкілдеріне жақын арада Қырғызстанға оралатыны туралы айтып "Отанға оралуым үшін нақты бір тыйым жоқ деген еді. Бас прокуратура осы мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстанның Бас прокуратурасы Асқар Ақаевтың отбасына қатысты қылмыстық істерге қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары 2005 жылдың сәуір айынан бастап Ақаевтың отбасы мүшелеріне, туысқандарына және оның жақындарына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғаған.
"Осылайша, Майра Ақаева басқарған "Мээрим" қорына қатысты 30 қылмыстық іс қозғалған. Мемлекетке 64 миллион сом шығын келген. Мемлекет есебіне бірнеше ғимарат берілген. Айдар Ақаевқа, Әділ Тойғонбаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды Олардың іс-әрекеттерімен мемлекетке миллиондаған залал келтірілген. Кейбір қылмыстық істер бойынша сот үкімі шығарылды", - деп хабарлады Бас прокуратурада.
"Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғонобаев сырттай 20 жылға сотталды. Оған алаяқтық, монополиялық әрекеттер және бәсекелестікке қысым көрсету, салықтан жалтару сияқты айыптар тағылған. Сондай-ақ, оған 10 миллион долларға жуық айыппұл салынды", - деді Бас прокуратура баспасөз қызметінің өкілдері.
Экс-президенттің ұлы Аида Ақаевқа қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды, ол мемлекетке үш миллион доллар залал келтірген.
"Асқар Ақаев пен оның отбасы сол кездегі оқиғалардан кейін Қырғызстаннан шығып кетуіне байланысты, олар жасаған қылмыстар аясында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шаралары таңдап алынды, сондай-ақ, халықаралық іздеуге ұлы Айдар Ақаев пен күйеу баласы Әділ Тойғонбаев және басқа да туыстары жарияланды. Елдің құқық қорғау органдары Қырғыз Республикасының заңдары мен ұлттық мүдделерді қорғау аясында тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп түсіндірді Бас прокуратура өкілдері.
Бас прокуратурадағылар Ақаев Қырғызстанға келген жағдайда тергеу органдары одан сұрау алатын болады.
Айта кетейік, 2005 жылы 24 наурызында Асқар Ақаев жаппай наразылық акциясынан және Қызғалдақ революциясынан кейін Қырғызстаннан кетуге мәжбүр болған. Ол Қырғызстанның бірінші президенті болды және елді 15 жыл басқарды. Отбасымен бірге ол Қырғызстаннан шығып, Ресейден саяси баспана алған.