Асқар Ақаевқа жұмыртқа лақтырған адамның кім екені белгілі болды

13 Желтоқсан 2017, 17:17
0
Асқар Ақаевқа жұмыртқа лақтырған адамның кім екені белгілі болды - © Kyrgyztoday.kg
© Kyrgyztoday.kg

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа жұмыртқа лақтырған адамның кім екені белгілі болды, - деп жазады Kyrgyztoday.kg.

Оның есімі Алмазбек Тоқтош екені белгілі болды. Ол 1970 жылы 20 қыркүйекте Ыстықкөл облысы Қайнар ауылында дүниеге келген.

Алмазбек Тоқтош 1976-1986 жылдары Макаренко атындағы мектепте оқыған. Кейін Германияда әскерде қызмет еткен. 

Әлеуметтік желі қолданушылары ер адам сол кезде неміс тілін үйреніп, Германияда қалып қалған болуы мүмкін деп болжап отыр.


© Kyrgyztoday.kg.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қырғызстанның экс-президенті Ақаевтың Германиядағы жерлестерімен кездесуі даумен аяқталғаны хабарланған болатын.  Kaktus порталының мәліметінше, KyrgyzClub-Germany кездесуі бейресми түрде өткен. Бірақ Асқар Ақаев сөз сөйлей бастағанда барлығы әдейі оның сөзін бөле бастаған. Алайда барлығымен қоштастасқан соң белгісіз бір ер адам Қырғызстанның экс-президентіне қарай жұмыртқа лақтырып жіберген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай