Әскери төңкеріс әрекеті: Turkish Airlines компаниясының 100 қызметкері жұмыстан шығарылды

25 Шілде 2016, 17:02
0
Әскери төңкеріс әрекеті: Turkish Airlines компаниясының 100 қызметкері жұмыстан шығарылды - © REUTERS
© REUTERS

Әскери төңкеріс әрекетіне байланысты Turkish Airlines ұлттық әуе тасымалдаушысының 100 қызметкері жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның Sabah газетіне сілтеме жасап.

Жұмыстан шығарылғандардың ішінде әуе компаниясының басшылығындағы адамдардың бар екендігі де айтылып отыр. 

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Ал сенбіде түрік премьері бүлік шығарғандардың ұсталғанын мәлімдеді. Соңғы мәліметтер бойынша, бүлікшілерді қоспағанда Түркияның 246 азаматы қаза тапқан. Екі мыңнан аса адам жарақат алған. Ал төңкеріс әрекетін тергеу барысында 10,6 мың адам ұсталған. Мыңдаған адам жұмыстан қуылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай