Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінен кетпекші

18 Тамыз 2014, 15:51
0

WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж Эквадордың Лондондағы елшілігінен кетуді ойлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Ол мұнда Ұлыбритания билігінен бой тасалап жүрген болатын. Еске сала кетейік, Ассанж ағылшын құқық қорғау органдары өзін Швецияға экстрадициялайды деп қауіптенеді. Швеция Ассанжды жыныстық қатынастарымен байланысты қылмыстар бойынша жауапқа тартпақ. Оның адвокаттарының пікірінше, Швецияның Ассанжды АҚШ-қа ұстап беруі де мүмкін.

"Мен жуырда елшілікті тастап кетемін", - деп мәлімдеді Ассанж. Бірақ қашан және қалай кетіп қалатынын айтқан жоқ. Бұған дейін WikiLeaks жетекшісінің жүрегі ауыратыны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда Джулиан Ассанжға сыйлық берілген болатын. Марапатты Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев тағайындады. "Журналистер одағы басқармасының шешімімен "журналистік тексеру" номинациясы бойынша сыйлықты Джулиан Ассанжға беруді ұйғардық. Ол, ең алдымен, WikiLeaks сайтымен және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына біздің елмен байланысты материалдардың ұсынылуына байланысты. Біз Ассанжға диплом мен фунт стерлингке ауыстырылған ақшалай сыйақыны беріп жібереміз. Сәлемдемені Эквадордың Лондондағы елшілігіне жібереміз. Біз оның қай жерде екенін білеміз", - деген еді Матаев.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай