26 наурыз 2020 | 09:41

Асшаян сатушысы Қытайда алғаш коронавирус жұқтырған адам болуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ухан базарында COVID-19 вирусын ең алғаш жұқтырған асшаян сатушысы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қытайлық "Пэнпай" басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ухан базарында COVID-19 вирусын ең алғаш жұқтырған асшаян сатушысы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қытайлық "Пэнпай" басылымына сілтеме жасап. 

Вирустың теңіз өнімдері сатылатын базардан шыққан-шықпағаны туралы әлі күнге дейін сөз таластырылып келеді. Мамандар вирустың нақты қайдан шыққанын, кімнен тарағанын әлі анықтамаған.

"Пэнпай" басылымының мәліметінше, "Хуанан" базарында асшаян сатқан тегі Вэй есімді әйелдің 2019 жылдың 11 желтоқсанында қызуы көтерілген. Ол өз үйіндегі бірінші қабатта орналасқан ауруханаға барған. 

Әйел әдетте өзін нашар сезінген кезде клиникаға барып дәрі ектіргеннен кейін, келесі күні жағдайы жақсаратынын айтқан. Бірақ бұл жолы екі дәрі ектірген сатушының жағдайы оңала қоймағандықтан басқа ауруханаға жүгініп, тағы дәрі ектірген. Сөйтіп Вэй үйде тынығып алмақ болған. 

Сатушы 16 желтоқсанда "Сехе" (Wuhan Union Hospital) ауруханасына барған. Артынша Вэй ресми түрде коронавирус анықталған алғашқы науқас екені белгілі болған. 

Сонымен қатар, басылым журналистері "Хуанан" базарындағы адамдармен байланыста болмаған, алайда коронавирус жұқтырған алғашқы адамды да анықтаған. Ол тегі Чэнь есімді ер адам. Науқастың 16 желтоқсанда қызуы көтерілген. Чэнь Ухан қаласының маңында орналасқан Цзянся ауруханасына барған. Қытайлық ер адам журналистерге өзін нашар сезінген уақытта тек жұмысқа барғанын, басқа ешқайда шықпағанын айтқан. Науқастың айтуынша, ол вирусты метрода жұқтырған болуы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети