12 қаңтар 2015 | 08:18

Астанада "норманд төрттігі" кездесуі өтпей қалуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Украинадағы ахуалды реттеу жөніндегі норманд форматындағы (Украина, Ресей, Германия, Франция) биік деңгейдегі кездесу өтпей қалуы мүмкін, - деп жазады "Ведомости".


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Украинадағы ахуалды реттеу жөніндегі норманд форматындағы (Украина, Ресей, Германия, Франция) биік деңгейдегі кездесу өтпей қалуы мүмкін, - деп жазады "Ведомости".

Басылымның мәліметінше, 10 қаңтар күні Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелесу барысында Германия канцлері Ангела Меркель мұндай саммитті өткізуге ерте екенін айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің бұл кездесуге қатысу-қатыспауы сарапшылық деңгейдегі дайындық жұмыстарының нәтижесіне байланысты болады.

Фридрих Науманн атындағы неміс қорының ғылыми қызметкері Саша Тамм Астанада саммиттің өте қоятынына күмән келтірді. "Мәскеу бұл Украинаның ішкі мәселесі деп есептейді, Киев болса, елде сепаратистер бар деп отыр және ешқайсысы да бір-бірімен мәмілеге келуге қадам жасар емес", - дейді сарапшы. Ресей Ғылым академиясы Еуропа институты Германиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Владислав Белов норманд форматындағы кездесуді жақын арада өткізуге Еуроодақ та, Ресей де мүдделі болуы керек деп есептейді. Германия-Ресей форумының атқарушы директоры Мартин Хоффманның пікірінше, Еуропада террорлық қауіптің күшеюі Еуропа жетекшілеріне жағдайды одан әрі ушықтырмаудың және украин дағдарысын реттеуде ымыраға келудің маңызды екенін көрсетіп отыр

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Украина жөніндегі биік деңгейдегі кездесу 15 қаңтар күні Астанада "норманд форматында" өтеді деп мәлімдеген болатын. Қазақстан Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мақұлдады. 12 қаңтарда төрт елдің сыртқы істер министрлері Берлинде кездесіп, Астанада өтуі тиіс кездесу туралы шешім шығаратын болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети