Астраханда полицейлерді өлтірген болуы мүмкін екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости ІІМ-нің ресми өкілі Ираина Волкқа сілтеме жасап.
Астраханда полицейлерді өлтірген болуы мүмкін екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости ІІМ-нің ресми өкілі Ираина Волкқа сілтеме жасап.
"Астраханда ГИБДД қызметкерлерін өлтірген болуы мүмкін екі күдікті ұсталды", - дейді ол. Оқиға осы түні болады. Қылмыскерлер полицейлердің табельді қаруын иемденіп ізін суытқан. Облыс губернаторы Александр Жикиннің сөзінше, полицейлердің өліміне радикалды исламист-ваххабиттер тобының қатысы бар.
Мұның алдында БАҚ-тарда полицейлерді атып тастаған сәтте түсірілген видео жарияланған болатын. Сонымен қатар, полицейлерді өлтірген болуы мүмкін сегіз күдіктінің тұлғалары анықталғаны хабарланған. Полицейлердің мәліметі бойынша, олардың үшеуі Қазақстанда дүниеге келген.
Еске салайық, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан "Магистраль" дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.