Астрономдар көлемі жерге пара-пар, әрі тірі ағзаның өсіп жетілуіне қолайлы сызықшада орналасқан бөлек ғаламшардың барын анықтады, - деп хабарлайды AFP. Kepler-186F деп айдар тағылған ғаламшар "Кеплер" телескопы арқылы табылған.

Жаңа ғаламшар жерден 500 сәулелі жыл қашықтықта орналасқан екен. Зерттеушілер жаңа табылған ғаламшар Kepler-186 жұлдызшасын өзіндегі тірі организмдердің өсіп жетілуіне қолайлы ара қашықтықта айналып жүретінін айтып отыр. Ғалымдар сондай-ақ, ол ғаламшарда судың сұйық формадағы баламасы бар болуы мүмкін деген де болжамдар айтуда.
"Kepler-186f ғаламшарының табылуы Жер планетасына ұқсас ғаламшарларды анықтауда қол жеткізілген үлкен жетістік болып саналады", - деді НАСА өкілі Пол Херц. Ғалымдар жуырда ғана табылған бұл ғаламшардың көлемі жерден сәл-ақ үлкен екенін айтуда. Сол себепті оны атомсферасы жердегіден өзгешелеу деп болжайды.
Атап өтейік, соңғы 20 жылда астрономдар ғаламдық ашық кеңістіктен 1800-ге жуық ғаламшарды тапқан. Табылған ғаламшарлардың 20-сы тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы аймақтарда шоғырланған.