Башқұртстанда Зинатуллиндер әулеті бір ғасырға жуық араб тілінде жазылған кітапты Құран деп ойлап сақтап келген. Оның қасиетті кітап еместігі, яғни қылмыстық кодекс екені кездейсоқ анықталған, - деп хабарлайды "Уфа1.ру".

Рафия Зинатуллинаның айтуынша, анасы кітапты матаға орап сақтауды тапсырған. "Анамыз бізге былай дейтін - бұл қасиетті кітап, ол - Құран, сендер оқи алмайсыңдар, лас қолдарыңмен ұстаушы болмаңдар", - дейді зейнеткер.
Олар кітапты нәрестенің жастығының астына салатын болған. Олар көп жыламайтын және тыныш бала болып өсетініне сенген. Кітап шынымен де балаларға әсерін берген-мыс: олар есейгенде полицияға жұмысқа тұрған. Рафияның туған ағасымен ұлы ішкі істер органында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған.
Бір күні әйел адам кітапты ашып, қарап отырған. Соңғы бетін ашқан кезде Рафия өз көзіне сене алмаған, онда бұл кітаптың Құран емес, араб тілінде жазылған Қылмыстық кодекс екені және оның 1926 жылы шығарылғаны жазылған.
Полицияның 300-жылдығына орай отбасы осы кітапты ІІМ музейіне тапсырған.