Атақты актер Джим Керри сотталуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© gazeta.ru © gazeta.ru

Атақты актер Джим Керридің бұрынғы сүйіктісі дәрінің шектен тыс дозасын қабылдап, қайтыс болған Катриона Уайттың анасы актерді сотқа берді, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атақты актер Джим Керридің бұрынғы сүйіктісі дәрінің шектен тыс дозасын қабылдап, қайтыс болған Катриона Уайттың анасы актерді сотқа берді, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си

Қайтыс болған қыздың анасы Бриджид Суитманның айтуынша, Керри өз сүйіктісіне жасаған әрекеттері үшін ұялуы керек.

"Отбасы ретінде, біз Джим Керридің қандай адам екенін әлемге жариялағымыз келеді. Ол жыныстық қатынас арқылы менің қызыма үш жұқпалы ауру жұқтырып, өзінің кінәсіздігін айтып, оны жаман сөздермен балағаттап, кемсітіп, өзінің қымбат ақы алатын заңгерлерін тартып, қызымның және біздің аузымызды жаппақ болды, осыдан кейін ол қызыма рұқсат етілмеген дәрілерді берді", - деді Суитман. 

Өз кезегінде актердің адвокаттары мұның барлығы ойдан құрастырылғанын айтып, өздері қорғап отырған адамның еш кінәсі жоқтығын мәлімдеген. 

Осыған дейін мұндай арызды Джим Керриге қатысты марқұмның заңды күйеуі Марк Бертон АҚШ сотына берген. Ол актерді ақшасы мен беделінің арқасында қызға қымбат әрі тек рецепт арқылы берілетін дәрілерді алып беріп отырғанын айтқан. Ол өзінің арызында 2013 жылы Керридің қызға герпестің екі түрі және соз ауруы (гонорея) жұқтырғанын және қызға ешкімге айтпай, құпияда сақтауы үшін қысым көрсеткен.

Еске салайық, 30 жастағы Катриона Уайт, гримші қызды полицейлер өткен жылы Лос-Анджелестегі өз үйінде өлі күйінде тапқан. Қайтыс болғанға дейін бірнеше сағат бұрын Керри мен Уайт кездесуін тоқтататын болып шешкен. Джим Керри Уайттың танысқан кездің өзінде-ақ жағдайы ауыр екенін айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro