08 тамыз 2019 | 12:26

Атамбаев Бішкекте митинг өткізуге ниетті екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митинг өткізуге ниетті екенін айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митинг өткізуге ниетті екенін айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, Атамбаев оны ұстау кезінде оқ ату арқылы қорғанғанын айтты.

"(...) Операция кезінде оқ аттым. Жақтаушыларым үшінші қабатқа келіп қалғанда аттым, оларға тиіп кетпеуге тырыстым", - деді экс-президент.

Атамбаевтың айтуынша, енді ол Бішкекте митинг өткізбекші. "Біз өз шартымызды айттық. Ол - Қой-Ташта байланыс пен Интернетті қалпына келтіріп, ондағы күш құрылымдарын алып кету", - деді Қырғызстанның бұрынғы президенті.

Атамбаевты ұстауға талпыныс: Оқиғаның хронологиясы

Еске салайық, кеше, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған еді. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. 

Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде.

Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети