30 қазан 2017 11:39

Атамбаев халықтың болашағын ойлау үшін қысқа мерзімді демалыс алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өкілеттілігінің аяқталуына бір ай қалғанда қысқа уақытқа демалысқа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости ел басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өкілеттілігінің аяқталуына бір ай қалғанда қысқа уақытқа демалысқа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости ел басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атамбаев демалысқа 30 қазанда шыққаны нақтыланды. 

"Демалыс кезінде президент Қырғыз Республикасының 2040 жылға дейінгі тұрақты дамуының ұлттық стратегиясының соңғы нұсқасын жасаумен айналысады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Атамбаев президенттік қызметіне 2011 жылы кіріскен. 2017 жылдың 1 желтоқсанында конституция бойынша оның президенттік өкілеттігі тоқтайды. Елдегі биылғы президент сайлауы 15 қазанда өткен болатын. Сайлауда қазіргі президенттің Социал-демократиялық партиясы атынан қатысқан Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы ресми түрде әлі жарияланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети