Атамбаев Қырғызстанның экс-президенттерімен кездесуі туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: 24.kg Фото: 24.kg

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның экс-президенттерімен кездесуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның экс-президенттерімен кездесуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атамбаевтың айтуынша, бұл оқиға ол үшін күтпеген жағдай болған, өйткені ол тек қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаровты көремін деп ойлаған.

"Иә, экстердің (бұрынғы президенттер - еск.) кездесуі болды. Иә, мен онда тап болдым. Олай дейтінімнің себебі, бұл кездесуге экс-президенттер қатысатыны туралы маған хабарланбады. Мені президент Садыр Жапаров және Қамшыбек Ташиевпен кездесуге, еркін адамдардай тең дәрежеде сөйлесіп, ескі реніштерді ұмытуға шақырғаны айтылды.

Жақсылығы есімде, сондықтан бас тарта алмадым және тіпті Испания елшісімен виза туралы алдын ала жоспарланған кездесуден бас тарттым. Өздеріңіз білетіндей, премьер-министр Педро Санчес мені емделуге шақырған болатын, ол үшін оған көп рақмет", - деді ол.

Атамбаев елдің қазіргі президенті өзінің бұрынғы әріптестерін бірлікке шақырғанын, олардың әрқайсының қолдаушылары көп екенін растады.

"Мен де елдің тыныштығы мен бірлігін жақтаймын. Бұл туралы айттым және де президент Жапаровтың ізгі ниетін жоғары бағалаймын. Бірақ кездесу соңында "ағылшынша" ешкіммен қоштаспай кетуге тура келген жағдай туындады. Алдағы уақытта қажеттілік туындаса, әрине, егжей-тегжейлі айтып беремін.

Елімізде бейбітшілік пен бірлік орнату және Бакиевтердің Қырғызстанға оралуы екі үлкен айырмашылық. Біріктіру мүлдем басқа нәтиже береді. Тым көп қан төгілді, көбін ұмытуға болмайды және ұмытылмайды. Әрине, кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Бірінші, қаза болғандардың туыстары кешірім жасауы керек. Президент Садыр Жапаров мені түсініп, дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров барлық экс-президенттерді бір үстел басына жинаған болатын. Кездесуге Атамбаевтан бөлек, Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отынбаева және Сооронбай Жээнбеков қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro