Атамбаев мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атамбаев мәлімдеме жасады © РИА Новости

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев күш құрылымдарынан халыққа оқ атпауды сұрады. Атамбаевтың бұл мәлімдемесін "Апрель" телеарнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев күш құрылымдарынан халыққа оқ атпауды сұрады. Атамбаевтың бұл мәлімдемесін "Апрель" телеарнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кұш құрылымындағыларға айтқым келеді: өз халқыңа оқ атпаңдар, мұның соңы жаман болады", - деді экс-президент.

Сондай-ақ, Атамбаев мәлімдемесінде бейкүнә адамдардың зардап шеккеніне өкініш білдірді.

"Бүгін мені ұстап әкетпек болды, бірақ өкінішке қарай, бейкүнә халық зардап шекті. Себебі мені ұстау үшін олар  лаңкестікке қарсы "Альфа" арнайы жасаған жіберді. Біз террорист емеспіз. Мен де, халық та, үйімнің маңындағы адамдар да террорист емес", - деді Атамбаев.

Оның айтуынша, арнайы жасақ арнайы құралдарды ғана емес, жауынгерлік қаруды да қолданған.

"Өкінішке қарай, зардап шеккендер көп, ауыр жарақаттар алғандар да көп", - деді ол. Экс-президент оны ұстауға кедергі келтіргендердің барлығына алғысын жеткізді.

"Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деді Қырғызстанның экс-президенті.

Еске салайық, кеше, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған еді. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. 

Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети