Атамбаев Қырғызстан үкіметін құлатқысы келетіндерді түрмеге қамайтынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атамбаев Қырғызстан үкіметін құлатқысы келетіндерді түрмеге қамайтынын мәлімдеді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ел парламентінің сайлауындағы дауыс беру процедурасынан кейін жеңіліп қалған саяси партияларының тарапынан болуы мүмкін қоғамдық саяси жағдайды тұрақсыздандырғысы келетін әрекеттердің жолы кесілетінін атап өтті. Ал үкіметті құлатқысы келетіндердің түрмеге қамалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бішкектен.

"Конституцияға сәйкес, ел президенті Конституциясының кепілі емес, бірақ мемлекет басшысы ретінде мен мұндай адамдарды түрмеге қамайтынымызды мәлімдеймін, оларға қатысты күш қолданамыз", - деді Атамбаев.

Қырғызстан президенті өз сөзінде 2010 жылдың сәуірінде көтеріліс болмаса республикада "қанды диктатура" орнауы мүмкін болғанын атап өтті. Атамбаев ел үкіметі мен басшылығының парламент сайлауын әділ әрі таза өткізуге барлық жағдай жасағанын айтты. Сонымен қатар, президент екі жылдан кейін елдің мемлекеті басшысын да сайлайтынын еске салды. 

Еске салайық, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Парламенттегі 120 орынға 14 саяси партия үміткер болып отыр. Сайлаушылардың 7 пайызын алған бірлестіктер, сонымен қатар елдің әр облысынан 0,7 пайызын алғандарға парламенттен орын бұйырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети