ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2020 | 14:31
Атамбаев сот шешімі бойынша босатылды - қорғаушы
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан соттың шешімі бойынша босатылды. Бұл туралы оның қорғаушысы Замир Жоошев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан соттың шешімі бойынша босатылды. Бұл туралы оның қорғаушысы Замир Жоошев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан, жемқорлық үшін сотталған Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исақов колониядан және т.б. тұлғалардың босатылғаны туралы хабарланған.
Жоошевтің айтуынша, олардың бәрі Бішкектің Первомайск аудандық соты қаулысының негізінде босатылған.
"Кінәлі деп танылған Атамбаев Алмазбек Шаршенович, Ниязов Фарид Абилезимович, Джеенбеков Равшан Бабырбекович, Мискенбаев Меербек Джайлообекович, Сагымбаев Канат Райымбекович, Баабиев Фархат Жекшенбекович, Кырпбек уулу Рысбек, Осмоналиев Канат Амангельдиевичке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сот тергеуі жүрген уақытта, яғни 2020 жылғы 11 қарашаға дейін үй қамауына ауыстырылсын.
Кінәлі деп танылған Атамбаев Алмазбек Шаршенович, Ниязов Фарид Абилезимович, Джеенбеков Равшан Бабырбекович, Мискенбаев Меербек Джайлообекович, Сагымбаев Канат Райымбекович, Баабиев Фархат Жекшенбекович, Кырпбек уулу Рысбек, Осмоналиев Канат Амангельдиевич жедел түрде қамаудан босатылсын", - делінген соттың қаулысында.
Фото: facebook.com/Замир Жоошев
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также