Атамбаев Түркиядағы емханалардың біріне жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атамбаев Түркиядағы емханалардың біріне жатқызылды haberler.com

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Түркияның Эгей жағалауындағы емханаға жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Түркияның Эгей жағалауындағы емханаға жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Еске салайық, Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан президентінің денсаулығы сыр берген болатын. "Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан Республикасының делегациясы Ататүрік әуежайында басқа ұшаққа отыруы қажет болатын. Алайда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сырқаттанып, медициналық тексерістен өткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін мемлекет басшысына жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысына қарағанда, Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берді. Осыған байланысты Қырғызстан президенті медициналық тексерістен өтіп, біраз уақыт дәрігердің бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети