Атамбаевты берілуге көндірген басшының өзіне айып тағылды

14 Тамыз, 14:37
0
Атамбаевты берілуге көндірген басшының өзіне айып тағылды -

Қырғызстанның бас прокуратурасына Курсан Асановтың заңсыз әрекеттері дерегі бойынша ІІМ қызметтік тергеуінің нәтижесі келіп түсті, - деп хабарлайды 24.kg.

Ішкі істер министрінің орынбасары милиция генерал-майоры Курсан Асанов 7-8 тамыз күндері ішкі істер министрінің талаптары мен нұсқауларын елемеген. Ол ведомство басшысының келісімінсіз өз еркімен шешім қабылдаған. 

"Курсан Асанов ішкі істер органының жеке құрамын қауіпті жағдайда және пәрменсіз қалдырып кеткен, яғни, қазіргі заңнаманың ережелерін бұзды. Сондай-ақ қылмыстық-процестік заңнаманың талаптары орындалмады, бұл органдардан айғақтарды, іске маңызды құжаттарды жасыруынан байқалады. Қызметтік тергеудің нәтижесі зерттелген соң материал "Қызмет бабын асыра пайдалану" бабы бойынша Бас прокуратураның Қылмыстар мен әрекеттер бірегей тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі істі жүргізу Әскери прокуратураға тапсырылды", - деді Бас прокуратурада. 

Бұған дейін Курсан Асанов "қырғыз милициясын сатты" және "сенімді ақтамады" деген айыппен ІІМ басшысының орынбасары қызметінен кеткен болатын. 

Қырғыстанның бұрынғы президенті резиденциясында Атамбаев билікке берілуге келіскен кезде, Курсан Асанов пен Алмазбек Атамбаев ортасында жатқан қызғылт пакет әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді. 

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы Алмазбек Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген айып таққан. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай