21 ақпан 2020 | 09:52

Атамбаевтың денсаулығы күрт нашарлады деген ақпарат расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаев. © REUTERS/Fabrizio Bensch Алмазбек Атамбаев. © REUTERS/Fabrizio Bensch

Жәбірлеуді ескерту ұлттық орталығының қызметкерлері Алмазбек Атамбаевты МҰҚК тергеу изоляторында тексерді, - деп хабарлайды 24.kg.


Иконка комментария блок соц сети

Жәбірлеуді ескерту ұлттық орталығының қызметкерлері Алмазбек Атамбаевты МҰҚК тергеу изоляторында тексерді, - деп хабарлайды 24.kg.

Ұлттық орталықтың директоры Нурдин Сулаймановтың айтуынша, Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысының қан қысымы төмендеп кетті деген ақпарат расталды.

"Алмазбек Атамбаевтың қысымы шынымен де төмен және ол құбылып тұрады. Медициналық картасындағы ақпаратқа сәйкес, оның қысымы 70-90 болған. Әңгіме барысында Атамбаев таңертең басы ауырғанын, ал тонометр 85-59-ды көрсеткенін айтты, ал оның қалыпты қысымы 110-70 екен. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында", - деді Нұрдин Сулайманов.

Ұлттық орталықтың директоры Алмазбек Атамбаевтан тергеу изоляторы әкімшілігі мен қызметкерлеріне шағым түспегенін айтты. 

Айта кетейік, 19 ақпанда Атамбаевтың ұлы әкесінің денсаулығы қиын екенін әлеуметтік желілерде хабарлаған. Бұрынғы мемлекет басшысының қорғаушысы Замир Жоошев та оның қысымы төмендеп кеткенін хабарлаған.

Басылымның хабарына қарағанда, МҰҚК бұл мәліметтерді жоққа шығарған. Олар Атамбаевтың жағдайы қалыпты екенін айтып отыр. Экс-президенттің қорғаушылары тәуелсіз дәрігерлерді шақыртып, оның денсаулығына тәулік бойы мониторинг жүргізіп, нәтижесін көрсетуді сұрап отыр. Алайда Замир Жоошев бұл ұсыныс қанағаттандырылмағанын хабарлаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети