10 тамыз 2019 | 11:19

Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады. Видеоны ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады. Видеоны ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен суретшімін. Саясатқа ешқашан араласқан емеспін. Бірақ қазіргі биліктің жасап жатқан шектен шыққан ісіне қарап отырып, менің әкемді заңсыз және әділетсіз ұстауына байланысты бұдан былай үндемей отыра алмаймын", - деп мәлімдеді Шагиева.

Оның айтуынша, қазір елде құқықтық нормалар бұзылып жатыр, оппозициялық телеарналар өшіріліп, БАҚ бойынша жалған ақпарат таратылып жатыр.

"Отбасым үшін, бейбіт азаматтар үшін қорқамын", - деді қыз. Әлия Шагиеваның айтуынша, әкесін тергеуге ұстап алу үшін сылтауратып шақырған.

"Қылмыскер Батукаевты Қырғызстаннан шығару бойынша дейді. Бірақ шын мәнінде әкемді оппозициялық қызметі үшін тұтқындағысы келді. Осылай оның көптеген жақтастарын қамады. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаковты куәгерлік айғақ алу үшін әкеліп, мән-жайды анықтамастан тұтқынға алды. Әкем биліктен Конституциялық Соттың шешімін күтуді талап етті. Алайда ол БАҚ-қа Батукаевтың ісі бойынша білгендерін айтып берсе де, тергеу органдарына жазбаша түрде толық ақпарат беруге дайын болған. Әкем жағдай құқықтық арнаға түспейінше, Конституциялық соттың шешімі болмаған жағдайда, біз өзімізді қорғауға құқымыз бар екенін айтқан. Бұрынғы президенттің үйіне жасалған кез келген шабуыл автомат түрде заңсыз болып саналады", - деді Шагиева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети