Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінен 11 түрлі атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінен 11 түрлі атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту барысында оқжатары бар Драгунов мергендік винтовкасы, өздігінен оқтайтын Симонов карабині, тапанша-пулемет құрылымы негізінде жасалған "Капрал" тапаншасы, екі оқжатары бар ТТ марапаттық тапаншасы, екі GM-100 маркалы тапанша, "Сайга" карабині, қос ұңғылы ТОЗ және Fabarm, Zoli, Progress қарулары тәркіленді. Сондай-ақ, резеңке оқпен ататын жеті қару алынды, оларды Атамбаевтың жақтастары арнайы әскери қызметкерлерден тартып алған. Қазіргі таңда криминалистикалық сараптама жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын. Кейін Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады.