Кеңестік және ресейлік теле және радио жүргізушісі Игорь Кириллов 89 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Кеңестік және ресейлік теле және радио жүргізушісі Игорь Кириллов 89 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
"Эфирге аз уақыт қалғанда қайғылы жаңалық келді. Бүгін Игорь Леонидович Кириллов қайтыс болды. Біздің аты аңызға айналған әріптесіміз, аға жолдасымыз", - делінген "Первый канал" хабарламасында.
Өлім себебі айтылмады.
Игорь Кириллов 1932 жылы 14 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. 1955 жылы М.С. Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін тәмамдап, 1955-1956 жылдар аралығында Мәскеу драма және комедия театрында өнер көрсеткен. 1957 жылдан бері телевидениеде жұмыс істеп келді. 20 жылдан астам уақыт "Время" бағдарламасының дикторы болды. Игорь Кирилловке "КСРО Халық әртісі" атағы берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!