Атышулы видео: Жерде жатқан екі жасар ұлын тепкен шенеунік жұмыстан қуылды

Видеодан алынған кадр

Мемлекеттік тіркеу ?ызметіні? т?ра?асы Дастан Догоев ?з баласын к?шеде тепкен ведомство ?ызметкері Бариер Адиевті ж?мыстан босату туралы жарлы? берді, - деп хабарлайды Sputnik ?ыр?ызстан.

Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Дастан Догоев өз баласын көшеде тепкен ведомство қызметкері Бариер Адиевті жұмыстан босату туралы жарлық берді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

2 желтоқсанда ер адамның жерде жатқан баланы ішінен тепкен видео Желіде тарап кеткен болатын. Құқық қорғау органдары ер адамды сол күні тауып, үстінен бұзақылық дерегі бойынша іс қозғаған. Сот ер адамға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған. 

Баланың анасы күйеуін ата-ана құқығынан айыруды қолдап, бас бостандығынан айыруға қарсы болып отыр. 

Реклама
Реклама

Бариер Адиевтің өзі ұлын жерден жәй ғана көтергенін айтады. Сағат 16:00 шамасында олар үйіне кірген. Кейін ол өз шаруаларымен кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін Ғаламтордан видеоны көрген әйелі қоңырау шалған. Олар жанжалдасып қалған екен. Әйелдің өзі, Асель Эржанова баланы алып, өзінің туыстарына кетіп қалған. Әйел мен ер адамның азаматтық некеде болғаны анықталды. 

Ал Елхан - баланың өзі іш жарақатымен балалар ауруханасына жеткізілген. Балаға жарақат салу бойынша сот-медециналық сараптама жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама