04 желтоқсан 2017 14:19

Атышулы видео: Ер адам өз баласын неге аяусыз тепкенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек тұрғыны Бариер Адиев атышулы видеода өз баласын неге тепкенін түсіндірді, - деп хабарлайды 24.kg құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде таралған видео монтаждалған.


Бішкек тұрғыны Бариер Адиев атышулы видеода өз баласын неге тепкенін түсіндірді, - деп хабарлайды 24.kg құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде таралған видео монтаждалған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 50 жастағы ер адам 2 желтоқсанда шамамен сағат 15.15-те баласымен серуендеуге шыққан. Бариер Адиевтің берген түсініктемесі бойынша, ол баласына мұзда сырғанауға рұқсат еткен, ал үйге қайтар алдында бала жерге жатып алып, қайтқысы келмеген. 

Бариер Адиев баласын жерден көтердім деп отыр. Шамамен сағат 16.00-де үйіне кірген. Кейін ол шаруаларымен шығып кеткен. Ал біршама уақыт өткенде оған әйелі хабарласып, Интернеттен видеоны көргенін айтқан. Содан олар ұрысып қалған. Бариер Адиев болса видеоны монтаж деп отыр.

Милициядағылардың айтуынша, ер адамның әйелі күйеуі мен баласы үйге оралғанда неліктен баланың үсті-басы лас екенін сұраған. Ер адам баланың қиғылық салып, жерде жатып алғанын айтқан. 

Жанжалдан кейін Асель Ержанова баланы ауылда тұратын туыстарының үйіне әкетіп қалған.

Милиция өкілдері Бариер Адиевтің 2 желтоқсанда мас болмағанын айтып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, Елхан балалар ауруханасына "іш бөлігінің жарақаты" диагнозымен түскен. Баланың денсаулығына келген зиян бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. 

Ерлі-зайыптының азаматтық некеде екені анықталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети