Ауа райы болжамын айтқан танымал тележүргізуші Александр Беляев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы болжамын айтқан танымал тележүргізуші Александр Беляев қайтыс болды Видеодан кадр

Ресейлік ғалым-географ, ауа райын болжамын жүргізетін Александр Беляев 72 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы тележүргізуші Андрей Малахов Twitter желісінде хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік ғалым-географ, ауа райын болжамын жүргізетін Александр Беляев 72 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы тележүргізуші Андрей Малахов Twitter желісінде хабарлады.

РИА Новостидің хабарлауына қарағанда, 2018 жылы Беляев өкпесінде қатерлі ісік барын айтқан. Тележүргізуші онкологиялық аурумен жеті жылға жуық уақыт бойы күресті. 2017 жылы екі рет ота жасатқан.

Александр Беляев 1949 жылы 5 қаңтарда Мәскеуде Брянск автозауыты басшыларының бірі Вадим Коростелевтің отбасында туған.

1972 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультетін "Жер гидрологиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылы 23 наурызда аяқ астынан НТВ арнасында ауа райы болжамының жүргізушісі болады. Беляевтің кандидатурасын НТВ арнасының сол кездегі бас директоры Олег Добродеев мақұлдаған.

Ешқашан педагог және ешқандай ғылыми дәрежесі болмағанына қарамастан, НТВ арнасының бас продюсері Леонид Парфенов кадрда "байсалды болғаны" үшін оған "Профессор" деген лақап ат берген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети