03 қыркүйек 2021 | 10:22

Ауған әйелдері құқығын сақтауды талап етіп шеруге шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Ауғанстанда құқыған сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда құқыған сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел наразылық білдіріп, "Талибан" қозғалысының жаңа басшылығынан (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) әйелдер құқығын сақтауды және кеңейтуді талап етті.

"Білім, қауіпсіздік және жұмыс - бұл негізгі құқығымыз", - деп ұрандады шеруге шыққандар.

Митингті ұйымдастырушы Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкіметті құруға, кабинет пен ақсақалдар кеңесіне қосылуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, ауған әйелдері соңғы жиырма жыл ішінде қолжеткізген жетістіктер үшін көп құрбандыққа барған және олардан қолүзуге дайын емес.

"Бізді әлем естігенін қалаймыз, біз өз құқығымызды сақтағымыз келеді", - деді Кабрзани және ол қазірдің өзінде әйелдер өлтіреді деп қорқып, наразылыққа шықпағанын айтты.

Наразылық акциясының тағы бір ұйымдастырушысы Басир Тагер "Талибан" маңызды шешімдер туралы әйелдермен кеңесуі керек деді. Алайда, оның айтуынша, әйелдер "Талибан" қозғалысының кездесулері мен конференцияларына қатыспайды.

"Біз олардың тағы да әйелдерді ұрғанын көрдік", - дейді наразылық білдіруші Мәриям Эбрам.

Ауған әйелдері жұмыс берушілердің жұмысқа баруына тыйым салатынын және жынысына қарай жұмыстан босатуға болатынын да айтты.

Бұған дейін, 2 қыркүйекте "Талибан" қозғалысының өкілі Ауғанстанның жаңа үкіметінде әйелдер негізгі немесе жоғары лауазымдарға тағайындалмайды деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети