Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммед Зохир Агбар экс-президент Ашраф Ғанидің елден қашуының мән-жайын айтты. Оның айтуынша, Ғани елден қашқан күні үкіметпен кездесуді жоспарлаған, бірақ шенеуніктерге күттіріп қойып, өзі отбасымен Кабулдан ұшып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агбар Ашраф Ғани кеңесшісі Қорғаныс министрлігіне телефон соғып, кездесуге 16.00-де келетінін айтқан. Бәрі оны дайындалып күткен, бірақ дәл осы уақытта Ғани мен оның туыстары отырған үш ұшақ Ауғанстаннан ұшып кеткен.
Оның айтуынша, Ғанидің сатқындығынан "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) елдегі билікті оңай басып алды: ол үкіметтен адал шенеуніктерді алмастырып, олардың орнына тәжірибесіз кадрлар алған.
"10 тәулік ішінде тәліптер елдегі 32 провинция мен 360 аймақты басып алды, дегенмен бұл елдің армиясы НАТО-да дайындықтан өтіп, заманауи қару-жарақтарға ие болған", - деп еске алды дипломат.
Бұған дейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан ақшаға толы көліктермен бірге қашып кеткенін, онымен бірге алып кетуге болмайтын нәрселерді әуежайдың ұшу-қону жолағында қалдырғаны хабарланған. Мұхаммед Зохир Агбардың айтуынша, Ғани қазынадан шамамен 160 миллион доллар ұрлаған.
Кейін желіде елдің экс-көшбасшысының қашып кеткені түсірілген видео пайда болған.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Ғани мен оның отбасы БАӘ -де.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!