ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2021 | 09:37
Ауған орталық банкінің басшысы Кабулдан қалай қашқанын айтып берді
Ауғанстан Орталық банкі басшысының міндетін атқарушы Ажмал Ахмади әскери рейспен елден қалай қашып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстан Орталық банкі басшысының міндетін атқарушы Ажмал Ахмади әскери рейспен елден қалай қашып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ахмади Twitter-дегі парақшасында "Талибан" билікке келгенге дейінгі Кабулдың соңғы күндерін сипаттады.
Оның айтуынша, үкімет тез құлап, ол не істерін білмей қалған. Тәліптердің билікке тез келуі логика мен түсінікке сай келмейтінін айтады.
"Жұма, 6 тамызда Зарандж қаласы құлады. Келесі алты күн ішінде басқа да бірқатар провинция құлады, әсіресе солтүстікте. Жоғарыдан қарсылық көрсетпеу туралы бұйрық келді деген қауесет болды. Бұған сену қиын, бірақ күдігім бар", - деп жазды Ахмади.
Елдегі оқиғалар кезінде ұлттық валюта арзандай бастады, бірақ орталық банк оны тұрақтандыра алған.
"Содан кейін бейсенбі келді. Менде қалыпты жұмыс күні болды. Таңертең Газни қаласы құлады. Мен жұмыстан шықтым, үйге жеткенше Герат, Кандагар мен Багдис те жеңілді, ал Гильмендке шабуыл жасалып жатты", - деді Ахмади.
Келесі күні оған банк енді шетелдік валюта алмайтыны туралы хабар келіп, Кабулда орталық банк басшысы қашып кетті деген қауесет тараған. Ахмадидің айтуынша, валюта тапшылығы дүрбелеңді арттырды. Ол инвесторларды сендіру үшін кездесулер өткізген, бірақ ауған валютасы құнының төрттен бір бөлігін жоғалтты.
"Сенбі күні кешке отбасым қоңырау шалып, үкіметтің көп бөлігі кетіп қалғанын айтты. Аң-таң болдым. Қауіпсіздік қызметі "Талибан" Кабулға 36 сағат ішінде келеді, ал қала 56 сағатта құлайды деп болжам жасады. Мен уайымдап, сақтық шарасы ретінде дүйсенбіге билет сатып алдым", - деп жазды ол.
Жексенбі, 15 тамызда ол жұмысқа барған, бірақ астананы тәліптер қоршап алғаны туралы хабар жеткеннен кейін, ол өз міндеттерін орынбасарларына беріп, банктен кетіп қалған.
"Қызметкерлерді тастап кеткенімде жаман әсерде болдым", - деді орталық банк басшысы.
Ол әуежайға барғанда Fly Dubai & Emirates рейстерін күтіп тұрған көптеген саясаткерді көрген. Екеуі де ұшпайтын болыпты. Содан кейін банкир жексенбіде кешкі рейске жаңа билеттер сатып алған.
"Сол сәтте президент елден кетіп қалды. Менің рейсім ұшпай, елде дүрбелең басталатынын бірден түсіндім", - дейді банкир.
Оның айтуынша, ол Кабулдан елшіліктердің бірінің өкілдерін эвакуациялау үшін пайдаланылған әскери ұшақпен кездейсоқ ұшып кеткен. Билет сатып алған рейсіне отырмады: ұшақ лық толы.
"Мен түсіп қалдым, сол кезде тағы бір әскери ұшақты байқадым. Оны бортқа кіргісі келетіндер қоршап алған, ал қауіпсіздік күштері оларды ұстап, елшілік қызметкерлерін ұшаққа кіргізіп жатты. Асығыс болды. Оқ атылды. Менің жақын әріптестерім мені итермелеп, бортқа кіріп кеттім", - деді банкир.
Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.
Ауғанстан билігі ауысуынан Қазақстанға қандай қауіп бар?
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также