03 қараша 2021 09:26

Ауған саясаткері Ахмад Масуд Тәжікстанда жүр - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахмад Масуд. Фото: wikipedia.org/Hamid Mohammadi Ахмад Масуд. Фото: wikipedia.org/Hamid Mohammadi

Ауғанстандағы билікті басып алған тәліптерге (Жоғарғы сот шешімібойынша, Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қарсы ауған қарсыласу майданының жетекшісі Ахмад Масуд Тәжікстанда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Samaa телеарнасына сілтеме жасап. 


Ауғанстандағы билікті басып алған тәліптерге (Жоғарғы сот шешімібойынша, Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қарсы ауған қарсыласу майданының жетекшісі Ахмад Масуд Тәжікстанда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Samaa телеарнасына сілтеме жасап. 

Солтүстіктегі Панжер провинциясы губернаторының бұрынғы орынбасары Кабир Васиктің айтуынша, қарсыласу майданының жетекшілері "Талибан" қозғалысына қарсы күресте әртүрлі елден қолдау іздеп жатыр.

"Ахмад Масуд қазір Тәжікстанда жүр, бірақ Ауғанстанға барып тұрады, онда елдің әртүрлі аймағындағы бөлімше жасақтарымен кездеседі. Масуд елдер мен бүкіл әлем қауымдастығын тәліптермен күресу қажет екеніне сендіруге тырысады. Ол майданға назар аударту үшін әртүрлі штатты аралайды", - деді Кабир Васик.

Ол "Ұлттық қарсыласу майданы" Тәжікстанмен жақсы қарым-қатынаста екенін, олар Ауғанстан халқына тәліптерге қарсы күресте айтарлықтай көмек көрсеткенін айтты.

Бұған қоса, ол Ауғанстан қарсыласу майданы "Талибан" режиміне қарсы күресті қайта бастауға дайындалып жатқанын айтты.

"Тәліптер Панжердегі үкіметтік кеңселер мен провинция жолдарын бақылауға алған. Дегенмен, таулы аймақтарда және Панжер шатқалының басқа бөліктерінде қарсыласу жасақтары құрылып жатыр және олар жақын арада "Талибан" лаңкестік топтарымен күресті жалғастырады", - деді Васик.

Бұған дейін "Талибанға" қарсы Ахмад Масуд моджахедтері Батыс елдерін көмекке шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети