Ауған ұшқыш-босқындары Тәжікстаннан кетті - БАҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауған ұшқыш-босқындары Тәжікстаннан кетті - БАҚ ©REUTERS

Тамызда Тәжікстанға қашып кеткен Ауғанстан ұшқыштары БАӘ-ге кетті, - деп хабарлайды РИА Новости New York Times-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамызда Тәжікстанға қашып кеткен Ауғанстан ұшқыштары БАӘ-ге кетті, - деп хабарлайды РИА Новости New York Times-қа сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Тәжікстаннан ауған әуе күштерінің 140-тан аса ұшқышы мен экипаж мүшелері кеткен.

"Тәліптерден қашу үшін АҚШ ұшақтарымен Тәжікстанға келген ұшқыштар АҚШ-тың оқытылған әскери қызметшілері үшін үш айлық сынақты аяқтап, Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кетті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Пентагон бұл топқа 191 ауған азаматы кіретінін айтқан.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Содырлар үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети