18 тамыз 2021 | 09:10

Ауғанстан президені Ашраф Ғани Өзбекстанда ма? Ел билігі жауап берді

Фото ©REUTERS

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен басқа да ауған басшылары Өзбекстанға кетті деген ақпарат жалған. Бұл туралы сейсенбіде Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің "Дуне" ақпараттық агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен басқа да ауған басшылары Өзбекстанға кетті деген ақпарат жалған. Бұл туралы сейсенбіде Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің "Дуне" ақпараттық агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ауғанстан қайраткерлері мен этникалық топтарының көшбасшылары Өзбекстанда болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Атап айтқанда, Ашраф Ғани, Абдурашид Достум, Ата Мұхаммед Нұр және т.б. тұлғалардың есімі аталды. Ресми мәліметтер бойынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді",- делінген агенттік сайтында.

Бұған дейін агенттікке Ауғанстан билігіне жақын дереккөз жексенбіде елден кеткен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Оман Сұлтандығында екенін хабарлаған. Ал жексенбіде кешке РИА Новости дереккөзі Ғани отставкаға кетуге келіскенін және үшінші елге кету үшін Кабулдан Тәжікстанға ұшқанын айтқан. Ғанидің Қазақстан немесе Тәжікстанда болғаны туралы хабарларды елдердің билігі ресми түрде жоққа шығарды. Болжам бойынша, Ғани АҚШ-та болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Ауғанстан билігі ауысуынан Қазақстанға қандай қауіп бар?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная