28 ақпан 2016 20:02

Ауғанстанда болған жарылыстан 40 адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда болған жарылыстан 40 адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Ria.ru.


Ауғанстанда болған жарылыстан 40 адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Ria.ru.

Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында орналасқан Асадабад қаласында жанкештінің ұйымдастырған жарылысы салдарынан зардап шеккендердің саны 40 адамға дейін жетті, ал қаза болғандар - 11 адам.

Жарылыс провинция губернаторының үйіне жақын маңда болды.

Айта кетейік, Ауғанстандағы ахуал соңғы бірнеше айда қиындай түсті. Бұрын елдің ауылдық аймақтарының айтарлықтай бөлігін иеленген "Талибан" діни қозғалысы ірі қалаларға шабуыл жасай бастады. Сонымен қатар, бұл елдің аумағында ДАИШ діни ұйымының ықпалы өсті.

"Талибан" мен ДАИШ бәсекелес ұйымдар болып есептеледі. Маусым айының ортасында БАҚ "Талибан" өкілдерінің ДАИШ-қа хат жолдағанын хабарлады, ол хатта Ауғанстандағы тәліптердің ісіне араласпау жөнінде жазылған. Ауғанстан жерінде бұған дейін де бұл ұйымдардың арасындағы қақтығыстар болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети