Ауғанстанда жарылыстан үш бала қаза тапты - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда жарылыстан үш бала қаза тапты - БАҚ фото: © РИА Новости

Ауғанстанның орталық провинциясы Урузганда снаряд жарылып, салдарынан үш бала қаза тауып, тағы бесеуі жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның орталық провинциясы Урузганда снаряд жарылып, салдарынан үш бала қаза тауып, тағы бесеуі жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Pajhwok агенттігі мәліметінше, қаза болған және жараланған балалар бір отбасынан. Оқиға туралы басқа мәлімет жарияланбаған.

Бұған дейін, 15 қазанда қала орталығындағы "Имам Баргах" мешітінде діндарлар көп жиналатын жұма намазы кезінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Теракт салдарынан 63 адам қаза тапты.

8 қазанда Ауғанстандағы мешітте жанкешті шабуыл жасап, 100-ден аса адам қаза тапты. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің бәрі мешітке келушілер. Лаңкестер көп адам жиналатын күнді әдейі таңдаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети