Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды © t.me/sputnikaf

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде 120 адам қаза тауып, мыңнан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде 120 адам қаза тауып, мыңнан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылар үйінділердің көбі әлі тазаланбағандықтан, апат құрбандарының саны айтарлықтай артуы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7 қазанда таңертең аймақта магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейін болатын тағы бірнеше жер сілкінісі болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар саны артуы мүмкін. Әсіресе Зенда Джан аймағындағы төрт ауыл зардап шегіп, үйлер қираған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети