Ауғанстанда мешітте жарылыс болып, 100 адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда мешітте жарылыс болып, 100 адам қаза тапты © Reuters

Ауғанстанның солтүстігінде Құндыз провинциясындағы Сеид-Абад шейіттер мешітінде қуатты жарылыс болып, салдарынан  100 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Террорлық шабуыл 8 қазан, жұма күні түстен кейін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Sputnik Афганистан телеграм арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның солтүстігінде Құндыз провинциясындағы Сеид-Абад шейіттер мешітінде қуатты жарылыс болып, салдарынан  100 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Террорлық шабуыл 8 қазан, жұма күні түстен кейін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Sputnik Афганистан телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің барлығы мешітке келушілер екені анықталды. Террористер адам көп жиналатын жұма күнін арнайы таңдаған. 

Қайғылы оқиға орнынан кадрларды Twitter-ге Yamal News арнасы таратты.

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Құндыз провинциясындағы жарылысты айыптап, кінәлілерді жазалайтынын айтты.

"Ислам әмірі бұндай сұмдық әрекетке барған, қасақана қылмыс жасаған кінәлілерді тауып, жазалауға уәде береді", - деп жазды "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Мужахид Twitter-де. Оның айтуынша, жарылыс орнына арнайы жасақ келіп, тергеу жүріп жатыр.

Бұл жарылыс туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те өз ойын білдірді.

"Бас хатшы, бұл варварлық жарылыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтады", - деді Бас хатшының өкілі Стефан Дужаррик.

Өз кезегінде, мәдениет жөніндегі "Талибан" комиссиясының мүшесі Мохаммад Джалал әлеуметтік желіде теракті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының тармағы "Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобының содырлары жасағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети