Ауған Сыртқы істер министрлігі "Талибан" үкіметінде Өзбекстанның шекаралас аумағына бес снаряд құлаған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.

СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи бір күн бұрын шекара аймағында сегіз зымыран құлағанын, олардың бір бөлігі Ауғанстан аумағына, ал екінші бөлігі Өзбекстан аумағына түскенін айтты.
"Қауіпсіздік күштері дереу оқиға орнына жетіп, тергеуді бастады. Мұнда кінәлілерді анықтап ұстау үшін күш салынып жатыр. Іріткі салушы он ай бойы қауіп төндірмей келді, қазір зұлым әрекеттер жасап жатыр, бірақ бұл екі дос ел арасындағы қарым-қатынасты бұзбайды", - деді Абдул Кахар Балхи.
Ауғанстаннан бес реактив снаряд Өзбекстанның шекара аумағына 5 шілдеде құлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!