Ауғанстанда тағы екі жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда тағы екі жер сілкінісі болды

Ауғанстанда тағы екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда тағы екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші жер сілкінісі 13 қазанда Астана уақытымен сағат 06:03-те ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді. Магнитудасы 5,0 жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1041 шақырым жерде орналасқан.

Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:09-да болды.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1052 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,6. MPV магнитудасы - 4,9", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 7 қазан, сенбі күні таңертең бұл аймақта 6,3 баллдық соққы тіркелген еді. Эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде болды. Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейінгі бірнеше сілкіністер тіркелген.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің саны 2000 асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети