Ауғанстанда тәліптер әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда тәліптер әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды Фото:depositphotos.com

Тәліптер әйелдерге қоғамдық орындарда бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәліптер әйелдерге қоғамдық орындарда бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild мәліметіне сілтеме жасап.

Талибан "ізгілікті насихаттап, көргенсіздікті жоюға" бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің көпшілік алдында шыққан дауысы "көргенсіздік" болып саналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы "ізгілік пен көргенсіздік" деп аталатын шектеулерді айыптап, олардың қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети