Ауғанстанда тәліптер бітімге келу шартын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда тәліптер бітімге келу шартын айтты REUTERS/Jalil Ahmad

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының келіссөз жүргізушісі бітімге келу шартын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының келіссөз жүргізушісі бітімге келу шартын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынған.

Ауғанстан билігінің бітімгері Надер Надеридың мәлімдемесіне сүйенсек, жеті мың тұтқын босатылып, БҰҰ-ның қара тізімінен шығарылған жағдайда, тәліптер үш айға атысты тоқтатады.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, СІМ-нің екінші Азия департаменті директоры Замир Кабулов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларынан тәліптерді алып тастау рәсімі ауғанаралық диалог кезінде басталуы мүмкін деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол БҰҰ 2001 жылы қарар қабылдағанын еске салды: қозғалыс террористік ұйым деп танылған, 110-нан аса жоғары және орта буын өкілдері шектеуге ұшырады.

Айта кетейік, Ауғанстанда үкіметтік күштердің "Талибан" радикалды ұйымының содырларымен қақтығысы жүріп жатыр, олар ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети