14 маусым 2014 | 12:26

Ауғанстандағы сайлау: Президенттікке таластың екінші кезеңі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстандағы сайлау.  ©РИА Ауғанстандағы сайлау. ©РИА

Ауғанстандағы сайлау жалғасуда - бүгін президенттікке таластың екінші кезеңі  өтті, деп хабарлайды РИА Новости. Сайлауға екі адам түсуде - Ауғанстанның бұрынғы СІМ-нің басшысы Абдулла Абдулла және  бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани Ахмадзай. Олар бірінші кезеңде сәйкесінше 45 және 31,6 пайыз дауысқа ие болған.


Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстандағы сайлау жалғасуда - бүгін президенттікке таластың екінші кезеңі  өтті, деп хабарлайды РИА Новости. Сайлауға екі адам түсуде - Ауғанстанның бұрынғы СІМ-нің басшысы Абдулла Абдулла және  бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани Ахмадзай. Олар бірінші кезеңде сәйкесінше 45 және 31,6 пайыз дауысқа ие болған.

Елде 28 мың сайлау участкелері ашылған, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 7.00-де басталған. Сайлау уақытысында участкелердің жұмысы одар әрі ұзара түсуі жоққа шығарылмайды. Жергілікті БАҚ басылымдары өз үміткерлеріне дауыс беру үшін адамдардың таң атпастан кезекке тұрып жатқанын жазады.

Айта кетейік, екінші турдың өту-өтпеуі 5 сәуір күні елдегі сайлауда бірде бір үміткердің жеңіске қажетті 50 пайыз дауыс жинай алмаған соң белгілі болды. Елдің тұрғындары 2001 талибтерді жеңіп, билікті өз қолына алған Хамид Карзайдың мұрагерін сайлауы тиіс. Ол үшінші рет қайта сайлауға қатыса алмайды.

Ауғанстандағы сайлау халықаралық коалицияның әскерін түпкілікті елден шығару қарсаңында республиканы басқаруды өз қолына алатын елдің жаңа көшбасшысын анықтайды. Оған әлемдегі ең тұрақсыз саналып келген елдегі өзін-өзін қамтамасыз ету жағын өздігінен шешу қажет.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети